
Басты бет » Өмір қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін жұмыстар аясында балалар арасында «Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты – қыс мезгілінде су айдындарының қатып қалған бетіне шығу кезінде туындайтын қауіптер туралы балалардың түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.Әңгіме барысында балалар мұздың не себепті жұқа болатынын, қауіпті орындарды қалай анықтауға болатынын, неге ересектерсіз мұзға шығуға болмайтынын, өзен-көл жағасында ойнаудың қауіпті екенін және қауіп туындаған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін білді. Материалды жақсы меңгеру үшін көрнекі мысалдар мен өмірден алынған жағдайлар қолданылды.Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті, балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті.


