Біздің балабақшада Шымшық күніне арналған тақырыптық күн өтті. Тәрбиеленушілер осы кішкентай, қыстайтын құстардың тіршілігімен танысып, олардың немен қоректенетінін және суық мезгілде қалай көмектесуге болатынын білді.Сабақ барысында балалар суреттерді қарап, құстардың дауысын тыңдап, жұмбақтар шешіп және көңілді ойындарға қатысты. Тәрбиешілермен бірге олар «Шмышық — кішкентай» тақырыбында әдемі аппликациялар жасап, топ бөлмесін безендірді.








